ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2018 | 13:28
Олимпиаданың күміс жүлдегері Алматы облысының спорт басқармасын басқарады
Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Нұрбақыт Теңізбаев Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Нұрбақыт Теңізбаев Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев - 1983 жылы туған. Қазақтың спорт және туризм академиясын дене шынықтыру оқытушысы, күрес жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымының магистрі. Грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Ыстамбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының грек-рим күресі федерациясында спортшы-нұсқаушысы болып бастаған. Әр жылдарда Астана қаласындағы "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК-ның грек-рим күресінен спортшы-нұсқаушы, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" МКҚК әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары болды.
2014 жылдың 14 наурызынан - Талдықорған қаласындағы "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ директоры қызметін атқарған.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев зейнеткерлікке шығуына байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
Показать комментарии
Читайте также