17 қазан 2018 | 17:42

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты сотқа үндеу жасады

Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты сотқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты сотқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен тараптың өкілі Олжас Сүлейменовтің сотқа жолдаған үндеуін оқып берді.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі уақытта ем алып жатқандықтан және тағы басқа себептерге байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын айтқан.

"Шынымды айтайын, әлеуметтік желілерге әлі кірген жоқпын, онда сол оқиғаның сұмдық кадрлары жүр. Оны ешқашан қарағым да келмейді. Онымен қоса, менің сот отырысына қатысуы шындықты ашуға еш көмектеспейді. Әлемдік тәжірибесі бар мамандар адам өліміне әкелген жол апатының кісі өлтірумен тең екенін біледі. Қасақана болмаса да, жол жүру ережелерін бұзған жағдай - жай ғана теріс қылық емес, ол қылмыс. Тергеу мен соттың міндеті - осыны анықтау.

Ескендірді енді қайтара алмаймыз. Иманды болсын. Жалғыз немерем еді. Енді сот процесі мен оның нәтижесі менің ішкі жан дүнием мен жақындарымыздың  - әжесінің, анасының денсаулығына кері әсерін тигізбесін деп дұға етіп жүрмін. Барлығы дұрыс және заң бойынша өтеді деген сенімдемін. Олжас Сүлейменов", - деп оқыды үндеуді зардап шеккен тараптың өкілі Дамир Сальдинов.

Бүгін Астананың Есіл аудандық № 2 сотында Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында ІІД басшысының қызы Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін кешірім сұраған болатын.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная