ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2020 | 16:55
Өлім алдындағы хатта полицей есімі жазылған: Қарағандыда қызметтік тергеу жүріп жатыр
Қарағанды облысының Полиция департаменті полицейдің есімі аталған өлім алдындағы жазбаға қатысты қызметтік тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының Полиция департаменті полицейдің есімі аталған өлім алдындағы жазбаға қатысты қызметтік тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 қарашада Қарағандыда Можайск көшесінде орналасқан үйдегі пәтерлердің біреуінен жергілікті әйелдің денесі табылды. Оның қасынан өлім алдындағы жазбасы болған. Онда әйел өліміне полицейдің кінәлі екенін айтып, есімін жазып кеткен.
Құқыққорғаушылар аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (Өлімге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
"Қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде өлім алдындағы жазбасына қатысты өз қолымен жазған немесе жазбағанын тексеретін сараптама жасалады. Қылмыстық істі Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Полициядағылардың мәліметінше, Қарағандыда қайтыс болған әйел мен оның әпкесіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Қарағандының бірнеше тұрғыны 130 милллион теңгеге шығындалғаны туралы екі әйелдің үстінен шағым жазған.
Сондай-ақ құқыққорғаушылар өлім алдында есімі аталған полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Е.Д. Намысовқа (полицейге - еск.) қатысты қызметтік тергеу басталды. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Ол тергеу жүргізілетін мерзімге атқаратын лауазымынан шеттетілді", - деді департаменттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также