ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 15:40
"Өлім алқабы". Қызылорда-Жезқазған тасжолы құрылысы қашан аяқталады?
Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жол құрылысын қашан аяқтау жоспарланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жол құрылысын қашан аяқтау жоспарланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қызылорда - Жезқазған тасжолы халық арасында "өлім алқабы" деп аталып жүр. Жол апаты жиі болады, байланыс жоқ. Былтырдан бастап жол жөнделе бастады. Жол құрылысы тоқтап қалмай ма, өйткені жол саласында битум тапшылығы бар, ал Қызылорда облысында оны тарататын бір ғана трейдер бар. Жезқазған тарапынан қозғалыс әлі басталған да жоқ", - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингі кезінде әкімнен.
Нұрлыбек Нәлібаев бұл жолдағы құрылыс жұмыстары былтыр басталғанын айтты.
"Қызылорда - Жезқазған тасжолы халықтың арманы болатын. Қазіргі уақытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мен онда былтыр жыл аяғында және жыл басында бардым. Битум бойынша: қыста ол арзанырақ, ал жазда сұраныстың жоғары болуына байланысты қымбаттайды. Алайда Қызылордада битумның артық қоры сақталады, жеткілікті, шағымданатын ештеңе жоқ. Қызылорда облысы мен Ұлытау облысындағы Жезқазған арасындағы қашықтық 216 шақырым болады. Биыл 140 шақырым аяқталады деп күтіледі. Қалғанын 2024-2025 жылдары толығымен аяқтаймыз", - деді облыс әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также