04 мамыр 2023 | 18:30

Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өртеген қазақстандық сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өртеген қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ngs55.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өртеген қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ngs55.ru басылымына сілтеме жасап.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы облысы бойынша баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қазақстандық Telegram-да аноним хабарлама алған. Белгісіз қолданушы оған 6 миллион теңгеге Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өртеп жіберуді ұсынған. Ер адам өзінің танысымен бірге Қазақстаннан Омбыға келіп, Молотов коктейльдерін жасап, әскери комиссариат ғимаратына шабуыл жасап, бірден Ресейден кетіп қалған. Олар уәде етілген сыйды алмаған.

Кейін қазақстандық тағы Ресей шекарасын өтпек болғанда оны ФҚҚ ұстаған. Оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

Реклама
Реклама

1-ші Шығыс округтік әскери соты қазақстандыққа жазасын 13 жыл қатаң режимде колонияда, оның алғашқы 3 жылын түрмеде өтеуге шешім шығарды. Екінші сыбайласы іздеуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная