Өмірбек Жампозовтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚР ІІМ

Асылжан Жампозов прокурор?а ?атысты к?ш ?олданды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асылжан Жампозов прокурорға қатысты күш қолданды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"А.Жампозовтың Целиноград ауданының прокурорына қатысты күш қолдануына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облыстық ІІД Тергеу басқармасы істі өндіріске алды", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 2017 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. Облыс прокуратурасының сайтында жария болған мәлімет бойынша, прокуратура қызметкері Ж.Әлибаев пен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пішембаев оқ жарақатын алған. Олар ауруханаға жеткізілген. 

Реклама
Реклама

Ал кейінірек шабуыл жасаған адам қылмыстық істе күдікті О.А.Жампозов екені анықталған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама