02 сәуір 2021 | 13:10

"Өмір бойына қалады" - Сағынтаев коронавирус және вакцина туралы

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер әкімге вакцинация және оның жағымсыз салдары туралы түрлі қауесет барын айтты. БАҚ өкілдері Сағынтаевтан алматылықтар өздері қалаған вакцинаны: ресейлік, отандық немесе басқа вакцинаны салдыру мүмкіндігін сұрады.

"Вакцинация тегін. Қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Қазір біздің қолымызда ресейлік "Спутник V" вакцинасы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізге қытайлық SinoVac вакцинасы жеткізіледі. Былтыр желтоқсанда қосымша екі мыңнан аса ерікті QazVac отандық вакцинасымен егілді. Сәуірдің соңына дейін алты мыңға жуық доза әкеледі деген үміттеміз. Сол жағдайда ғана халық қандай вакцина салдыратынын таңдай алады", - деп жауап берді Сағынтаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Алматы әкімі вакцинацияға қатысты қауесеттер туралы айтты.

"Халық арасында әртүрлі қауесет таралып жүр. Бірақ бәріміз көріп отырмыз: бір жыл өтсе де коронавирусты жеңген жоқпыз. Бұған дейін бірнеше рет локдаун мен карантин енгізіп, қаланы жауып тастадық. Енді "ұлыбританиялық" және "Оңтүстік Африка" штамдары пайда болды. Мутация одан әрі жалғасуы мүмкін. Мүмкін келесі жылы немесе болашақта басқа мутация анықталуы мүмкін. Олар инфекцияның статистикасын одан әрі көбейтеді.

Коронавирус бізбен өмір бойына қалатын сияқты. Сондықтан одан қорғану үшін бізге вакцина керек. Қазіргі уақытта басқа шешімі жоқ. Мұны барлық маман айтып жатыр. Ірі державалар да бұл мәселені вакцинамен шешуді ұйғарды. Егер біз бұрынғы өмірімізге қайта оралғымыз келсе, онда қорықпай, кез келген қауесетке сенбей, вакцина салдырғанымыз дұрыс", - деп қорытындылады Сағынтаев.

Бұған дейін Алматы әкімі қалаға коронавирус инфекциясына қарсы 21 850 вакцина жеткізілгенін хабарлады. Ол сәуірден мамырға дейін Алматыға қосымша шамамен 750 мың доза жеткізілетінін айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная