Өмір бойына сотталған қазақстандыққа кастрация жасалады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Талдықорғанда педофилия ісі бойынша ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда педофилия ісі бойынша ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

39 жастағы сотталушыға өзінің қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған. Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.

Tengrinews.kz тілшісі анықтаған мәлімет бойынша, ер адам бірнеше жыл бойы 15 жастағы қызын зорлап келген. Қылмысты мектеп оқушысының анасы ашты, ол күйеуін баланы зорлады деп айыптап, шілдеде полицияға арыз түсірген. Кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

Жиналған дәлелдемелер сотқа айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуге жеткілікті болып шықты.

"Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау" бойынша кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнында химиялық кастрациялау жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыру орны - төтенше жағдайдағы қауіпсіздік жүйесінің түзеу мекемесі", - деді Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама