Өмір бойына зейнетақы төлемдерін алу: Қазақстанда жаңа модель талқыланып жатыр

Өмір бойына зейнетақы төлемдерін алу: Қазақстанда жаңа модель талқыланып жатыр

Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) бөлуге қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) бөлуге қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нені өзгерту ұсынылды?

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін талқылап жатыр.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселе әлі де талқылану үстінде, сондықтан ұсыныстар мен егжей-тегжейлі мәліметті әзірге толық жариялай алмаймын", - деді Ертаев.

Сонымен қатар, ол ұсыныстардың бірі жұмыс берушінің 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын қайта бөлуге қатысты екенін хабарлады.

Жарналар қалай бөлінуі мүмкін?

Талқыланып жатқан нұсқаға сәйкес:

  • 4 пайызын қазіргі 10 пайызға қосымша ретінде жұмыскерлердің жеке зейнетақы шоттарына бағыттау ұсынылады;
  • 1 пайызын - ортақ сақтандыру қорына.

Министрдің сөзінше, бұл тетік жүйені теңгерімді етуге көмектесуі тиіс.

"Бұл теңсіздіктерді реттеу үшін жасалады — кейбір адамдардың жинағы аз болып, тез таусылып қалатын жағдайлар болады. Ортақ қордың есебінен адам өмір бойына зейнетақы төлемдерін ала алады", - деді ол.

Шешім қашан қабылданады?

Министр бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім жоқ екенін айтты.

"Біз әлі бірыңғай ұстанымды қалыптастырған жоқпыз. Бізде 1 маусымға дейін уақыт бар. Осы мерзімге дейін мәселені талқылап, пысықтаймыз", - деп түйіндеді Ертаев.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін екені хабарланған болатын. Тиісті шешім сәуір айында қабылдануы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама