“Өмір үшін күрес“. Дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото. Алматы әкімдігі

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған.

Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған. Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.

Реклама
Реклама

"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс - дәрігерлердің ортақ еңбегі, сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл - біз үшін жай ғана жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", - деді орталықтың директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама