ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2022 | 12:44
Өмірәлиев Козачков ісі туралы: Арнайы прокурорларда нақты тапсырма бар
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өмірәлиев бас прокурор процессуалдық топқа қоғамдық ұйымдар мен адвокаттар өтінішіндегі барлық дәлелді толық зерделеуді тапсырғанын айтты.
"Өздеріңізге белгілі, 18 желтоқсанда Козачковты бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен Қаржы мониторингі агенттігі ұстады. Сол күні оның үйінде әйелінің қатысуымен тінту жүргізілді. Соттың рұқсаты бойынша, куәгерлер қатысқан тінту жүргізілді, барлық процесс бейнетаспаға түсірілді. Қазір бұл іске барлық қадағалауды Алматы қаласының прокуратурасы жүргізеді, сондай-ақ арнайы прокурорлар тобында бас прокурордың осы мән-жайдың бәрін барынша объектив және ашық түрде тергеп-тексеру туралы нақты тапсырмасы бар. Сіздерге Бас прокуратура қабылдаған шешім туралы жақын арада хабарланады", - деп түсіндірді Өмірәлиев Мәжілісте журналистер сұрағына жауап беріп.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың ұсталғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также