ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2021 | 14:29
"Өмірімді жақсартамын". Әкім сайлауындағы үміткер Қазнетте мемге айналды
Ерейментау әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың сөзі Қазнетте мемге айналды. Видеода ол қазақстандықтарға "өз өмірін жақсартатынын" айтып уәде береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерейментау әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың сөзі Қазнетте мемге айналды. Видеода ол қазақстандықтарға "өз өмірін жақсартатынын" айтып уәде береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сапар Барлыбаев "Хабар 24" телеарнасындағы "Әкімдер" бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязовқа сұхбат берген.
"Егер бәріміз бірге дұрыс таңдау жасап, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсартуға тырысамын", - дейді ол.
Сапар Барлыбаев Tengrinews.kz тілшісіне танымал болған видео-үзіндіге әзілмен қарайтынын айтты.
"Мұндай жағдай кімде болмайды дейсіз, министрлер, президенттер де жаңылысады. Біз баспасөз алдында сөйлеуге дағдыланбаған адамдармыз. Мен өз өмірімді емес, қаланың, тұрғындардың өмірін жақсарту туралы айтқым келген. Онда сөзімнің жалғасы болған. Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Аздап жағымсыз болды, бірақ көпшілікке танылдым. Мен YouTube жұлдызы боламын деп ешқашан ойламаппын", - деді Сапар Барлыбаев.
25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет еліміздің 14 өңірінің 176 ауданында (қалаларында) 730 сайлау округі бойынша тікелей сайлау өтеді.
Мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізуді көздейтін түзетулерге қол қойған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также