ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамыр 2023 | 16:02
"Өміріммен қоштасып үлгердім": СҚО-дағы ауыл әкімі ауруханаға неге түскенін айтты
Жедел түрде ауруханаға жатқызылған Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев инсульт орталығына түсуінің жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жедел түрде ауруханаға жатқызылған Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев инсульт орталығына түсуінің жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін БАҚ ауыл әкімінің инсульт алып, ауруханаға түскені туралы ақпарат таратқан болатын. Желіде Қабатаевтың сұхбатынан кейін ауылдық округ әкімі ауырып қалғаны белгілі болды. Youtube-тегі "Обожаю" арнасындағы видео ауыл әкімінің атына түрлі пікірлер мен сын тудырды.
Tengrinews.kz редакциясы қала әкімі Руслан Қабатаевқа телефон арқылы хабарласты. Ол 26 мамырда облыстық ауруханаға, инсульт орталығына жатқызылғанын айтты. Сондай-ақ, ол ауруханаға не себепті түскенін де түсіндірді.
"Мен қобалжыдым. Өйткені көпшілік назары, өсек-аяң... Бірден сол күні немесе келесі күні мені прокуратура тексерді. Аудан, облыс әкімдері келді. Мал-мүлік, қарындаш пен қаламға дейін есептеді. Менде бәрі орнында. Мен қатты уайымдадым. Анам осыған байланысты қатты уайымдап, қазір ауырып жатыр. Қыздарым қатты жылады", - деді Руслан Қабатаев.
Ауылдық округ әкімі дер кезінде ауруханаға жатқызылуының арқасында ауыр зардаптардың алдын алғанын атап өтті.
"Жол полициясы қызметкерлеріне рахмет! Олар мені дер кезінде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер де тез көмек көрсетті, кезекші дәрігер маған қажетті дәрі-дәрмекті салу туралы тез шешім қабылдап, олар мені өлім аузынан аман алып қалды. Мен сол кезде өмірмен қоштасқанмын. Мен қазір өзімді мұнда келгендегіден әлдеқайда жақсы сезінемін. Басым ауырады, әлсіздік бар, әлі жүре алмаймын, көп сөйлей алмаймын. Мен әлі де аздап дірілдеп тұрмын. Бірақ бәрі жақсы болады деп сенемін", - деді Руслан Қабатаев.
Астрахан ауылдық округінің әкімі бұған дейін денсаулығына шағымданбағанын айтты.
"Менің жүрегім ешқашан ауырған емес. Мен бұрынғы арнайы жасақтың сарбазымын, жауынгермін, толық формамен 50 шақырым жүгірдім, денсаулығым жақсы болды. Олай болады деп ойламадым, жүрек ұстамасы инсульт дегенді білмегем. Мен дер кезінде ауруханаға түстім", - деді Руслан Қабатаев.
Айта кетейік, Руслан Қабатаев 40 жаста, ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2004 жылы Петропавл жоғары әскери училищесін бітірген. 2022 жылдың наурыз айында Астрахан ауылдық округінің әкімі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түсіп, екі тәулікке жуық жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. Кейін оны палатаға ауыстырды. Бұдан кейін Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Масабаевтың жүйке жүйесі ауруына шалдыққандарға арналған ауруханаға түскенін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также