27 наурыз 2021 14:32

"Өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады" - Тоқаев Шепель туралы

Қазақстан Президенті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген көңіл айту жеделхатында.

26 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель 74 жасында өмірден өтті. Әр жылдары ол Президент әкімшілігінде жұмыс істеді, кеңсесін басқарды, мұрағат директоры болды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram