31 қазан 2024 | 15:02

“Оңай емес“ - Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару туралы

Архив фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан Ақжарқын Тұрлыбайдың қайда екенін және Қазақстан билігі оның Отанына оралуына қолжеткізе ала ма деп сұрады.

"Ақжарқын Тұрлыбай ісіне келетін болсақ, Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматын Қытайдан қайтару үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Біз бұл жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол белсенді жүргізіліп жатыр. Мен (сұрақ - еск.) жақын арада шешіледі деп сенемін. Жұмыс жүргізіп жатырмыз, біз ойлағандай оңай емес", - деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.

Реклама
Реклама

Ол Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдан жазасын елде өтегісі келетіні туралы арыз түскенін айтты.

"Ол елге келіп, жазасын өтегісі келеді. Ол адвокатымен байланыста", - деп қосты орынбасары.

Сәуірде желіде Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы қауесет пайда болды. Бас прокуратура бұл ақпаратты растаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная