07 наурыз 2019 | 14:15

Онда қарапайым киінеді - Назарбаев Батыс пен Қазақстанның киімін салыстырды

© pixabay.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қалай киінетіні жайлы айтып, отандық брендтерге назар аударуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қалай киінетіні жайлы айтып, отандық брендтерге назар аударуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Батыста қалай болса солай киінеді. Жұмысқа қарапайым киінеді: қандай да бір джинсы мен жейде. Ал біз болсақ міндетті түрде елден өзгеше, күштірек киініп, күн сайын әртүрлісін ауыстыруды ойлаймыз. Бұл жұмысқа ыңғайлы емес", - деді Назарбаев. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда сапалы әрі әдемі киімдер тігіледі, әсіресе әйелдер үшін. 

"Мен арнайы дүкендерге кіріп, костюм киіп көрдім. Өте сапалы. Аяқ киім жасайды. Ал біз бәрін импорттаймыз, ол төрт-бес есе қымбат. Олар өздері кимейтінді бізге тасып жатыр. Біз соған жармасамыз, өйткені біз үшін бұл қолжетімсіз болған еді кезінде, сол себепті киеміз. Өзіміз өндіріп жатқанды көрмейміз", - деп атап өтті Президент.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның "Көктем шуағы" әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу өткізді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная