14 қыркүйек 2022 | 14:24

Ономастика комиссиясы елорда атауын өзгертуді қолдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласында ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта атау туралы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласында ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта атау туралы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан бірнеше рет, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе көтерген болатын.

"Ономастика комиссиясының отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Мемлекет тарихы институты" РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Қышқашбаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры Ербол Тілешов, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы сөз алып, аталған ұсыныс жайлы оң көзқарастарын білдірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ономастика комиссиясының мүшелері елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная