28 қазан 2022 | 14:40

Өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімі бойынша "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Заңға сәйкес бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында омбудсмен өкілдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімі бойынша "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Заңға сәйкес бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында омбудсмен өкілдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сайтына сілтеме жасап.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмысты бастағаны хабарланды. Сондай-ақ, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Жетісуда конкурстық іс-шаралар жалғасып жатыр.

"Биыл Қазақстанның 17 өңірінде Уәкілдің өкілдігі жұмыс істейді. Тағы 3 өңірде (Ұлытау, Абай және Алматы облыстары) өкілдіктер 2023 жылы тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін ашылады деп жоспарланған. Өкілдер мемлекеттік қызметші болып табылады және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстан аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкiлдiң атына ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың құқықтарын қорғаудағы қолжетімділігі мақсатында құрылған.

"Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген. Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері жүгіне алады", - делінген хабарламада.

Өкілдердің тізімі мен байланыс деректерін мына жерден табуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная