Өңірлік стационарлардағы жағдай көрсетілді

Видео кадры: "Астана" телеарнасы

Павлодар облысының медицина қызметкерлері стационарлардағы жағдайды көрсетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Павлодар облысының медицина қызметкерлері стационарлардағы жағдайды көрсетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Валентина Карпец модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда түскен. Телеарна мәліметінше, ол Шарбақты ауданынан келген. 

"Мен вакцина салдырмағаныма өкіне бастаған едім. Бұл басқа ауру шығар деп ойладым. Кішкене уақыт өткеннен кейін міндетті түрде салдырамын", - дейді тұрғын.  

Реклама
Реклама

Вакцина салдырғаннан кейін де вирус жұқтыру деректері тіркелген. Ауруханаға түскендердің 12-сі вакцинаның бірінші дозасын, тағы бір науқас екі дозасын да салдырған. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның бірде-бірі жансақтау бөліміне түспеген. 

"Тексеріс кезінде байқағанымыз ауруханаға түсетіндер ауруды жеңіл өткереді. Бүгінде модульдік ауруханаға қосалқы аурулары бар, жағдайы ауыр және орташа ауыр науқастар түсіп жатыр", - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная