21 ақпан 2014 10:15

Оңтүстік Қазақстанда 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді

Фото с сайта vesti.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Оқиға 19 ақпан күні Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі аумағында жергілікті уақыт 11.30-да болған. Sintuonik автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдау кезінде рульге ие бола алмай, автоцистернаны аударып алды. Қоршаған ортаға зиянды жүк тиелген цистерна "Заречное" ЖАҚ-на тиесілі. Цистерна базаға сүйреп апарылды, қышқыл төгілген жерге топырақ себілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мұндай жайт былтыр Қызылорда облысында екі рет болған еді. 15 мамыр күні 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілсе, маусым айында көлік жолы бойын 34 тонна қышқыл басты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram