11 қаңтар 2024 | 16:27

Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа қабылдай бастайды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп, олардың барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment Permit System жүйесіне қосу мәселесін талқылады.

"Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс табуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқығын қорғауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Реклама
Реклама

Кездесуде Еңбек министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев Қазақстанда Employment permit System жүйесі шеңберінде Корей даярлау орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная