08 сәуір 2019 | 17:02

Оңтүстік Корея президенті Нұр-Сұлтанға келеді

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. © REUTERS

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"23 сәуірде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Нұр-Сұлтанға сапары аясында ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде ынтымақтастықтың екіжақты мәселелері, әсіресе сауда-экономикалық саладағы, халықаралық күн тәртібіндегі, соның ішінде Корей түбегінің жағдайы бойынша талқыланатын болады", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланған, оның ішінде сотталған тұлғаларды беру туралы келісімшарт және жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы аясында жаңа технологиялар, инфрақұрылым, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.

Сондай-ақ, Мун Чжэ Ин Алматыға келіп, корей диаспорасымен кездесу және оның еліміздегі өмірімен танысуды жоспарлап отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная