29 наурыз 2023 | 10:21

Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен берілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/seoul_police

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген екінші қазақстандық кореялық полицияға өз еркімен барды. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық ер адам Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғанын хабарлаған едік. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная