ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2019 | 11:53
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық тергеу изоляторына қамалды
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен Қазақстан азаматы Чанвон қаласындағы тергеу изоляторына қамдалды, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен Қазақстан азаматы Чанвон қаласындағы тергеу изоляторына қамдалды, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баланы қағып, Оңтүстік Корея шекарасынан шығып кеткен қазақстандық 14 қазанда өз еркімен тергеу шараларына қатысу үшін Сеул қаласына келген.
"Қазақстан азаматының оралу барысын елшілік қызметкерлерімен іске асты. Елшілер оған өз құқығын түсіндірді. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы Чанвон қаласындағы тергеу изоляторына қамдалды", - деді министрлік өкілдері.
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі осы істі бақылауға алды.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам Оңтүстік Кореяға оралып, кешірім сұраған. Ер адам Инчxон әуежайында тоқтаған.
Бұған дейін 20 жастағы еңбек мигранты жас баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны xабарланған. Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған.
Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған. Жасөспірімге күрделі ота жасалған.
Күдікті Павлодардан табылған. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея елге заңсыз кірген шетелдіктерге қатысты ережені қатайтуға шешім қабылдаған. Енді олар елден кететіндігі туралы xабарды 3-15 жұмыс күн бұрын айтуы керек.
Показать комментарии
Читайте также