31 қазан 2018 | 18:50

Оңтүстік Кореяда жыл басынан бері төрт қазақстандық қайтыс болды

© ic24.kz

Оңтүстік Кореяда 2018 жылдың басынан бері төрт қазақстандық қайтыс болды. Бұл елде олар заңсыз жүрген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяда 2018 жылдың басынан бері төрт қазақстандық қайтыс болды. Бұл елде олар заңсыз жүрген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Олардың екеуі жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Тағы біреуі септикалық шоктан (климаттық жағдайға бейімделе алмау) қайтыс болды. Қайтыс болған төртінші қазақстандықтың себебі белгісіз. Олардың үшеуі Түркістан облысынан келген, біреуі - Алматыдан. Жас аралығы - 23-тен 39-ға дейін. 

Реклама
Реклама

Олар Оңтүстік Корея территориясында заңсыз жүрген. Қара жұмыспен айналысқан. 

Ведомстводағылардың айтуынша, соңғы уақытта Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар қылмыстық істерге жиі баратын болғанын айтады. 

Жыл басынан бері жеті қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Төбелес, жергілікті тұрғынды зорлау және өз отандасын өлтіру сияқты қылмыстар тіркелген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная