28 наурыз 2023 17:53

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/seoul_police

Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі 18 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстауға көмектескені үшін ақшалай сыйлық пен виза беруге уәде еткен.

Реклама
Реклама

"Нұрсұлтанға көмектескен отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін білсе, бірақ бұл туралы хабарламаса, Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!"- делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 наурызда Қазақстанның депортацияланған екі азаматы Оңтүстік Кореяға қашып кеткен болатын. Желі қолданушылары жексенбіде таңғы сағат 4:20 шамасында 21 және 18 жастағы екі қазақстандықтың депортацияланатын рейсті күтіп тұрғанда әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram