13 қаңтар 2020 | 17:42

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандық апелляциялық шағым түсірді

Камила Долаева Журналист
© Yonhap News

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандық сотқа апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандық сотқа апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Баланы қағып кеткен азаматымызға үкім шықты - екі жарым жыл қамауда болады. Қазір ол өз құқын пайдаланып, апелляциялық шағым жазды. Оның қорғаушысы барлық құжатты дайындап, үкімді қайта қарауға жіберді", - деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық 20 жастағы жігіттің Оңтүстік Кореяда бала қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен болатын. Ол 18 түрлі жарақат алған еді. Күдікті Павлодардан табылған. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған.

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың анасы үндеу жасады


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная