ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2020 | 19:21
Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтан коронавирус табылды
Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтан коронавирус табылды. Мәліметті Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтан коронавирус табылды. Мәліметті Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 жастағы әйел қазір Инчхонда. Ол Алматыдан 10 маусымда таңда ұшып барған.
"Корея ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Қазақстан азаматынан COVID-19 вирусы табылғаны ресми түрде расталды. Сонымен бірге орталықтың хабарлауынша, науқаста коронавирустың белгілері жоқ. Қазіргі уақытта ол Инчхондағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында карантинде жатыр. Елшілік бұл мәселені бақылауда ұстайды", - деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.
"Хабар 24" мәліметі бойынша, бұл Кореяда Қазақстан азаматынан коронавирус табылудың алғашқы дерегі. Ақпаратты Инчхон мэриясы да растады.
Дәрігерлердің айтуынша, жолаушыда коронавирус белгілері табылмаған. Тек дене қызуы 37,1 градус болған. Қазір дәрігерлер науқастың кімдермен байланысқанын және Кореяның қай жерлеріне барғанын анықтап жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также