ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2023 | 08:58
Оңтүстікте жаңбыр, шығыста 28 градус аяз: 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -10-12 градус болады.
Алматыда күннің аяғында бұлттылық күшейеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -3-5 аяз, күндіз +6+8 градус болады.
Шымкент үшін күн бұлтты, кейде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 17-22 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +8+10 градус болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также