"Оны мұрнында жусан иісі қалған қазақ қана түсінеді" - Назарбаев қазақтың жаны туралы айтты

Видеодан алынған кадр

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?аза?ты? к?йін "жусан исі м?рнында ?ал?ан ?аза? ?ана" т?сінетінін айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың күйін "жусан исі мұрнында қалған қазақ қана" түсінетінін айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Видео үзіндісін Ақорданың баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады. 

"Домбыра - қазақтың жаны. Күй, әуен мен домбыра үнін қырда өскен, мұрнында жусан иісі қалған қазақ қана түсінеді. Өйткені бұл ерекше музыка. Ол жан-күйіңді танытады: мұң, қуаныш немесе пәлсапаны. Кешкісін келіп, шерте бастағанда бәрі ұмтылып, есіңе өткен бір кездер оралады. Сондықтан бұл маған ұнайды. Домбыраны жақсы шерте білетін адамдар ұнайды. Қазақтың халық әндері өте әсерлі, пәлсапалық мазмұнда, күрделі. Қазақ әнінің сөзіне мән беру керек, әуеніне емес. Сөздің құдыреті бар", - дейді Елбасы. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ақорданың баспасөз қызметі президенттің көпшілк алдында домбыра шерткен сәтінің видеосын да жариялады. Еске салайық, 13 маусым президент жарлығымен ұлттық домбыра күні деп бекітілді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама