05 маусым 2023 | 09:08

ОПЕК+ мұнай өндірудің мақсатты деңгейін түзетуге келісті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pixabay

ОПЕК+ 2024 жылдан бастап мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельге, тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы альянстың 4 маусымда өткен отырыс қорытындысы бойынша берген ресми мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ОПЕК+ 2024 жылдан бастап мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельге, тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы альянстың 4 маусымда өткен отырыс қорытындысы бойынша берген ресми мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін жалпы мұнай өндіру деңгейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзету", - делінген хабарламада.

ОПЕК+ қазірдің өзінде 2023 жылдың аяғына дейін тәулігіне 2 миллион баррельге, яғни тәулігіне 41,856 миллион баррельге дейін қысқартып жатыр. Ал 2024 жылға арналған мақсатты деңгей коммюникеге қоса берілген кестеге сәйкес тәулігіне 40,463 миллион баррель деңгейінде белгіленген. Демек, жаңа жылда төмендеу тәулігіне 1,393 миллион баррельге дейін болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ОПЕК+ құрамына 10 ел кіреді: Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, Оңтүстік Судан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная