Оператор сотта Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін дәлелдей алмады

Оператор сотта Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін дәлелдей алмады Фото:depositphotos.com/ rokas91

Қостанай облысындағы сот ұялы байланыс операторына қатысты азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облысындағы сот ұялы байланыс операторына қатысты азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Даудың мәні

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот YouTube-та жарияланған жарнамалық роликтен оператордың Қазақстандағы мобильді интернеттің сапасы мен қамтуы бойынша көшбасшы екені туралы мәлімдемелерін анықтады.

Жарнама
Жарнама

"Сот жарнамалық материалда көрсетілген мәліметтер жеткілікті және объективті дәлелдермен расталмағанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Сот шешімі

Сот мұндай тұжырымдар тұтынушыларда компанияның телекоммуникациялық қызметтер нарығындағы сөзсіз басымдығы туралы әсер қалдыруы мүмкін екенін айтты.

Осыған байланысты жеке ұйғарым шығарылып, жарнама және бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманың сақталуын одан әрі тексеру үшін материалдар жіберілген.

"Жеке ұйғарымды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті ЖШС іс-әрекетіне талдау жүргізді. Тексеру барысында көрнеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнаманы таратудан жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды", - деп хабарлады сотта.

Компанияға заңнаманы бұзу туралы хабарлама жіберілді. Оған роликті таратуды тоқтату, теріске шығару жазбасы және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу жүктелді.

Сот нарық қатысушылары жарнама туралы заңнама талаптарын сақтауға және тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін мәліметтерді таратпауға міндетті екенін баса айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама