ОҚО-да той кортежіне ерген тікұшақ ұшу ережелерін бұзбады - ААК

Видеодан алынған кадр

О?О-да той кортежімен бірге ?ш?ан тік?ша? ?шу ережелерін б?збады. Tengrinews.kz редакциясыны? сауалхатына ?Р ИДМ Азаматты? авиация комитетіні? берген жауабында осылай делінген. 

ОҚО-да той кортежімен бірге ұшқан тікұшақ ұшу ережелерін бұзбады. Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің берген жауабында осылай делінген. 

Тіркеу нөмірі UP-ЕС030 Eurocopter тікұшағы Шымкентте тіркелген "Саутс Ойл" ЖШС-ны тиесілі. 

"Тікұшақ әуе компаниясының әуе қозғалысын қамтамасыз ету органдарына ұсынған жоспар бойынша ұшты. Жоспар бойынша тікұшақтың кей елді мекендерге қонатыны көрсетілген. Бұл дерек бойынша ереже бұзу анықталған жоқ", - делінген жауапта. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында ОҚО полицейлері той кортежіне тікұшақты қосқандарды жазаға тартқан болатын. Ал республикалық маңызы бар тасжолдың үстінен тікұшақтың ұшуы қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сұраныс жіберілген болатын.

Тікұшақ бортында жас жұбайлар мен тағы төрт қонақ болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама