ОҚО-да прокуратура қызметкері мен тергеуші 2 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды - Бас прокуратура

О?О-да прокуратура ?ызметкері мен тергеуші 2 миллион те?ге пара ал?аны ?шін ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Бас прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ОҚО-да прокуратура қызметкері мен тергеуші 2 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 24 шілдесінде Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросымен бірлесе кәсіпкер А. есімді азаматтың арызы бойынша Шымкент қаласында өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауаптылыққа тартпау үшін пара алған.

Реклама
Реклама

Осы дерек  ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізімінде тіркелді.

Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама