ОҚО полицейлері жолды бөгеп тастаған түлектер түсірілген видеоны зерттеп жатыр

© YouTube ролигіндегі кадрлар

ОҚО полицейлері жолды бөгеп тастаған түлектер түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұның біздің өңірде болғаны расталса, сәйкес шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері видеоны зерттеп жатыр. Видеороликтің кейіпкерлерін анықтасақ, бұл туралы міндетті түрде хабарын береміз", - деп хабарлады ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Motor.kz сайтының мәліметінше, 25 мамырда ОҚО-дағы облыстық маңызы бар жолдардың бірінде кетіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі түлектерді көрген. Жастар көліктерін жол бойында қалдырып, қалған көліктердің қозғалысына кедергі болған. 

Реклама
Реклама

Ескерту! Ненорматив лексика бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама