Орал әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Фото:gov.kz

Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама