Орал әкіміне сөгіс жарияланды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.

БҚО әкімінің айтуынша, қала басшылығына 10 жастағы қыздың өлімінен кейін сабақ алу керек.

"Оралда адам өлімімен аяқталатын жол апаттары 41 пайызға көбейді. Қала әкіміне сөгіс жарияладым. Оған жолдарға және жолдардағы жарыққа жауап беретін бөлім басшыларының жауапкершілігін қарастыруды тапсырған болатынмын. Құрылыс салу барысында осы мәселелерді ескерген жөн. Әсіресе, мектепке баратын жолдарда", - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, өңір басшысы орынбасарына жол-көлік оқиғаларын алдын алатын ведомствоаралық топ құруды тапсырды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама