26 мамыр 2023 14:08

Орал әуежайы кімге тиесілі? БҚО әкімінің жауабы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал әуежайының кімге тиесілі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал әуежайының кімге тиесілі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нариман Төреғалиев әуежай акцияларының 49 пайызы ресейлік "Ретранс" АҚ компаниясына тиесілі екенін, ал акциялардың бақылау пакеті облыс әкімдігінің қолында екенін айтты.

"Бұл "Аймақтар әуежайы" АҚ құрамына кіретін басқарушы компания. Бұл компания акционер. Ал Вексельбергке келсек, ол бүгінде "Ретранс" АҚ құрылтайшысы емес. Неліктен? Себебі, осы әуежайдың үлестері иеліктен шығарылған кезде, азаматтық авиация комитеті мәліметтердің барлығын мұқият тексерді.

Қала құрылысы және сәулет комитетінен басқа, осы компанияның үлесін иеліктен шығарған барлық мемлекеттік органдар келісілген түрде тексеріс жүргізді. Осыдан кейін ғана өткен жылы қарашада Үкіметтің қаулысы шықты", - деді әкім брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Реклама
Реклама

Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда нысанды уақытша басқару мемлекет меншігіне өтетінін қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram