ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2024 | 19:21
Орал қаласында Ұлттық домбыра күніне орай Домбыра музейі ашылды
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! деп көрнекті ақын, жазушы Қадыр Мырза Әлі жырлағандай қазақ халқының әрбір шығармаларында өзіндік тарихы бар Ақ Жайық өлкесінің өнер тарихын насихаттайтын «Домбыра -ұлттық рух!» атты музейінің жаңа дәуірі басталмақ.

«Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай, «Қазақтың домбырасының әрбір пернесінде біздің өткен тарихымыз, әрбір пернесінде біздің қуанышымыз бен мұңымыз жатыр». Осыған орай, бүгін Оралда қазақтың тарихын, дәстүрлері мен мызғымас құндылықтарды насихаттап, өткен тарихпен бүгінгі күнді байланыстыратын құнды ғылыми орта қалыптастыру мақсатында БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі "Домбыра - ұлттық рух" музейі ашылды.
Бабалардан қалған мұра көздері мен тарихи жәдігерлері жинақталып төрт экспозициялық залдан тұратын музей 1-Домбыра тарихы залы, 2-Құрманғазы Сағырбайұлы залы, 3-Құрманғазы оркестрі залы, 4-Батыс өңірінің домбырашылары залы, музейге келушілерге тың серпін бермек.
Музейді салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы және өңірімізге танымал тарихшы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Ақбаев Жайсаң Досболатұлы ашты.
Музей қорына қобызшы Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмесін ресми түрде Д. Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің солист-қобызшысы, Өнертану кандидаты, Казахстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі", Ықылас атамыздың ұрпағы Ақнар Тәттібайқызы табыстады.
БҚО қоғамдық даму басқармасы
Показать комментарии
Читайте также