Орал маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Орал маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты видео кадры

Орал маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол апаты 16 желтоқсанда сағат 20:30 шамасында Орал – Кирсанов тасжолында болған. KIA K5 автокөлігінің 1989 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2104 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Ол көлікте 1974 жылы туған жүргізуші отырған.

Оқиға салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Осы автокөліктегі тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама