Орал орталығында "күйеу іздеймін" деп жазып, шаңғымен жүрген қалыңдық ұсталды

© mgorod.kz/Юлия Мутылова

Оралдың Абай алаңында полиция қызметкерлері көшеге той көйлегімен шығып, шаңғы мінген және параққа "Күйеу іздеймін" деп жазған қызды ұстады. Оқиға 8 сәуірде, сенбіде болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қалыңдық Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Жас қыз осылайша елдердің өзіне назар аударуын көздеген. 

© mgorod.kz Юлия Мутылова

Реклама
Реклама

"Ол осы әрекетін өзіне назар аударылуы үшін жасағанын айтты. Жеке флешмоб ұйымдастырғысы келген", - деді ведомстводағылар. 

Басылым мәліметінше, полицейлер қызды қамауға алмай, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп үйіне қайтарған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама