ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2022 | 09:57
Орал тұрғындары жол жөндеу жұмыстарына наразы болды
Оралда автожол ұйымының қызметкерлері жолдағы шұңқырларды қолданылған тас төсеуішпен бітеген. Әлеуметтік желілерде жөндеу жұмыстарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда автожол ұйымының қызметкерлері жолдағы шұңқырларды қолданылған тас төсеуішпен бітеген. Әлеуметтік желілерде жөндеу жұмыстарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео бір күн бұрын әлеуметтік желілерде жарияланды. Ол Орал әкімдігінің ресми Instagram-парақшасына да салынған. Бірақ кейінірек өшірілген. Видеоға түрлі пікір жазылған:
"Осыған дейін жеттік, жақында жолды пенопласт немесе қоқыспен толтырамыз","Изолента немесе скотч жабыстырсақ, бүлінбейді", "Міне, бұл - жолдарды жөндеудегі жаңа технология, қанша миллиард жұмсалғанын білгім келеді?" - деді тұрғындар.
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі қызметкері биыл облыс орталығындағы көшелерді жөндеуге 300 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. 50-ге жуық көшені ретке келтіру жоспарланып отыр.
"Тас төсеуіш уақытша шешім болды. Дәл осындай технологияны Қазақстанның басқа қалаларындағы әріптестеріміз де қолданады. Қолайлы ауа райы болғанда, жолға толық жөндеу жүргізіледі. Қазіргі ауа температурасы жағдайында асфальтбетон қоспасын пайдалану мүмкін емес", - деді сектор меңгерушісі Бауыржан Сағиев.
Батыс Қазақстан облысы көлік жолдарының сапасы бойынша еліміздегі ең артта қалған облыс. 2021 жылы өңір ауылдарының бірінің тұрғындары елді мекенге кіреберіс жолды жөндеуге өздері шыққан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также