ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2020 | 14:58
Орал тұрғындары санитар бекеттердегі ұзын-сонар кептеліске шағымданды
Оралда 14 қарашаның түнінен бастап санитар бекеттер жұмысын бастады. Олар БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда 14 қарашаның түнінен бастап санитар бекеттер жұмысын бастады. Олар БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі санитар бекеттер сегіз жерде пайда болғанын хабарлады. Бұған дейін бұл жерлерде блокбекеттер тұрған.
"Санитар бекеттер Самара-Шымкент тас жолында, Меловые горки ауылы арқылы өтетін айналма жолда, Орал-Атырау бағыты бойынша Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысында, Орал-Саратов тас жолында, Деркөл ауылынан шығар жолда, сондай-ақ Самара, Орал-Бұзулық және Орал-Желаевоға қарай Самара-Шымкент тас жолында орналасқан", - деп хабарлады Орал әкімдігінің өкілдері.
Сенбіде таңертең санитар бекеттерде үлкен кептеліс пайда болды. Адамдар әлеуметтік желілерде сол жерден видео жариялап жатыр.
"Жол шлагбауммен жабылған. Кезекте 45 минуттан артық тұруға тура келді. Жұмысқа кешігіп бардым, өз істеріме де үлгермедім", - дейді Сергей Новиков.
БҚО полиция департаментіндегілер Орал қаласына кіреберістегі барлық санбекетте кезек барын айтты.
"Полицейлер өз жұмысын атқарып жатыр. Арнайы рұқсатсыз облыс орталығына кіруге тыйым салынады. Санбекеттерде термометрия жүргізетін дәрігерлер де кезекшілік етеді. Бұған уақыт қажет", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Еске салайық, қазіргі уақытта БҚО коронавирус инфекцияның таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также