19 сәуір 2022 | 17:07

Оралда 10 миллиард теңгенің ғимараты қаңырап тұр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Оралда төртінші жыл қатарынан тергеу изоляторының құрылысы тоқтап тұр. Өткен жылы нысанды медициналық мекемеге береді деген жоспар көпшілікке мәлім болды. Бірақ әзірге нысанның тағдырына қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда төртінші жыл қатарынан тергеу изоляторының құрылысы тоқтап тұр. Өткен жылы нысанды медициналық мекемеге береді деген жоспар көпшілікке мәлім болды. Бірақ әзірге нысанның тағдырына қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті нысанның құрылысы 2013 жылы басталғанын атап өтті. Тұтқындар Орал қаласының дәл ортасында орналасқан уақытша ұстау изоляторынан жаңа тергеу изоляторына ауыстырылуы керек еді.

"Қазіргі тергеу изоляторы апатты жағдайда тұр. Ғимарат 19 ғасырда Екатерина II жарлығымен салынған. Тергеу изоляторын салу кезінде құрылыс нормаларын бұзу дерегі анықталды. Нысанның 70 пайыз жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта ғимарат Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қарамағына берілді, 2018 жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап тұр", - деді ІІД басшысының орынбасары Асқар Тілегенов. 

Реклама
Реклама

Фото ©Tengrinews.kz

БҚО әкімдігі құрылысы аяқталмаған нысан құрылыс басқармасына қарайтынын нақтылады.

"Салынып бітпеген тергеу изоляторының ғимаратын әлеуметтік нысанға беруді жоспарлап отырмыз. Оның мақсаты инвесторлармен келіссөздерге байланысты болады", - деді БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоз.

Өткен жылы облыс әкімдігінде өткен отырыста нысанды медициналық мекемеге беруге болады деп мәлімдеген. Бірақ қазір мұндай нұсқалар қарастырылмайды.

"Бұл жерден кардиологиялық орталық немесе аурухана ашылады деген жоспар болған. Бірақ қазіргі уақытта бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықов.

Жобаның жалпы сомасы 10 миллиард теңге. Бұл қаражаттың басым бөлігі игерілгені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная