Оралда 85 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

85 жастағы зейнеткер Сәрсенғали Тұқсанов Орал қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

85 жастағы зейнеткер Сәрсенғали Тұқсанов Орал қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Зейнеткердің немересі Сәнияның айтуынша, қария Орал қаласының іргесіндегі Асан ауылында тұрған. Ол 29 қазан, сенбі сағат 13.00-де серуендеуге шығып, оралмаған.

"Бәріміз алаңдап отырмыз. Бастысы, аман-есен табылсын. Аздап ұмытшақтық ауруы болатын. Үйден шыққанда үстінде көк күртешесі, басында қара қалпағы болған. Полицияға арыз жаздық", - дейді туысы.

Реклама
Реклама

Сәрсенғали Тұқсановтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер болса +7 778 510 4220 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама