Оралда арнайы операция жүргізіліп жатыр

Оралда арнайы операция жүргізіліп жатыр © Tengrinews.kz

Оралда күдіктілерді ұстауға арналған арнайы операция жүргізіліп жатыр. Операция қаладағы "Солтүстік-Шығыс-2" ықшамауданында болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Куәгерлердің айтуынша, ақ түсті "ГАЗель" көлігінен бетперде киген адамдар шығып, "Астана" сауда үйінің маңындағы автобус аялдамасында қара түсті "Лада" автомобилін қоршап алды. 

Қазір кемінде төрт адамның ұсталғаны белгілі болып отыр. Қолдарына кісен салған оларды көліктің төрт жағында ұстап тұр. Оқиға орнында бірнеше жедел қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Реклама
Реклама

ІІД бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама