Оралда автобуста жолаушылар төбелесіп, екі адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оралда автобус салонындағы төбелес видеоға түсіп қалды. Екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оралда автобус салонындағы төбелес видеоға түсіп қалды. Екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 16 мамырда кешкі уақытта болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, №2 жолаушылар автобусының салонында екі ер адам бұзақылық ниетпен 26 және 23 жастағы екі ер адамды ұрған.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың денесі көгерген.

Полиция қызметкерлері 32 және 53 жастағы екі ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданғаны туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама