ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қыркүйек 2022 | 08:20
Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды
Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар үйінде болған.
"10 қыркүйек шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 сантиметр, шашы ашық-сары, қысқа. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Жасөспірімнің екеуі де 20-мектепте оқиды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также