ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қазан 2020 16:57
Оралда базарлар мен қоғамдық көлік жұмысы шектелді
Оралда қосымша шектеу шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойды. Құжаттағы мәтінге сәйкес, Оралда:
- 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығу шектеледі;
- Жексенбі күндері ауыл шаруашылығы азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады;
- Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Орал әкімі мен қала полиция басқармасына бірқатар базарды жабу тапсырылды. Еске салайық, бұған дейін 16 қазанда БҚО-да шектеу шаралары күшейтілген болатын. Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу