23 ақпан 2023 | 09:31

Оралда бір маркадағы кәмпиттерді ұрлаған төрт адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Оралдағы дүкендерден бірден төрт адам бір маркадағы тәттілерді ұрлауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралдағы дүкендерден бірден төрт адам бір маркадағы тәттілерді ұрлауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

БҚО полицейлері бір аптада дүкеннен шоколад ұрлаған төрт адамды ұстаған. Олар әр жолы тек бір маркалы тәттілерді алуға тырысқан.

Ұрлықты балалар емес, үлкендер жасаған. Мысалы, 32 жастағы ер адам алты қорап шоколадты алып шықпақ болған. Сол күні кешке 40 жастағы ер адам сол дүкеннен бір қорапты ұрлап кеткен. Бір күннен кейін сол тәттілерді ұрлаған 37 жастағы әйел ұсталды. Ол бірден төрт қорапты алған.

Реклама
Реклама

Полицейлер бұл шоколадтың жергілікті клептомандар арасында сұранысқа ие болуының себебі оның ыңғайлы қаптамасында деп есептейді. Жіңішке қорапты киімнің астына жасыру оңай. Содан кейін төмен бағада сатады. Сонымен қатар, мұндай қылмыс үшін 30 тәулікке қамауға алу қаупі бар.

"Деректер бойынша Абай ПБ қызметкерлері бейнебақылау камераларының арқасында күдіктілерді анықтап, ұстаған. Қазіргі уақытта "Ұсақ ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы Лунара Иманғалиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная